«COVID-19 алдын алудың басты шарасы вакцинация болып табылады. Халықтың вакцинаға деген қолжетімділігін одан ары арттыру үшін Үкімет тарапынан үлкен талаптар қойылып, қадағалануда. ДСМ тарапынан вакцина жеткізу, оны сақтау және тарату кезінде суық тізбек режимін сақтауға баса назар аударылады. Бүгінде ұйымдастырылып жатқан барлық егу мунктеріне мамандар арнайы дайындалуда. Бұл дайындық жұмыстары күнделікті қатаң тәртіппен бақыланып отырады және қажетті жағдайда қосымша оқыту ағарту жұмыстары қолға алынады. Сондай-ақ, халық арасында үгіт насихат жұмыстары көп жүргізілуде», - деді А.Қуатбаева.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 2021 жылғы 13 наурыздан бастап, індет жұқтырудың зертханалық дәлелденген 300 733 жағдайы тіркелді, оның ішінде соңғы күні 2894 жағдай анықталды. 257 278 науқас COVID-19 жазылып шықты. Сонымен қатар, КВИ зертханалық түрде дәлелденбеген, бірақ клиникалық көріністері бар пневмониямен ауырғандар саны 52 255, соңғы күні 107 жағдай тіркелді. Індетті жұқтырғандардың басым бөлігі Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелді. Соңғы күні Алматыда - 698 жағдай, Нұр-Сұлтанда - 511 жағдай, Қарағанды облысында 228 жағдай анықталды.