Оның айтуынша, вакцина алғандардың арасында созылмалы аурулары бар адамдар да бар. Ал екпеге реакция болу жағдайлары өте аз тіркелген.

«Бірінші компонентпен егілген созылмалы аурулары бар адамдардың саны 32 314 адамды құрайды, созылмалы аурулары бар 8397 адам толық курсты аяқтады. 60 жастан асқан 121 мыңнан астам адам иммундау курсын бастады, 8000-нан аса адам аяқтады. Бүгінгі күні иммундаудан кейін елеулі қолайсыз көріністер тіркелген жоқ. Сонымен қатар, вакцина алғандардың 0,4%-да жергілікті және жалпы - жоғары температура, қан қысымының қысқа уақытқа көтерілуі, инъекция орнының қызаруы және ауырсыну түріндегі күтілетін реакциялар тіркелді», - дейді сарапшы.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда жұмысқа шығар алдында ПТР-тестілеуді міндетті түрде тапсыру нормасы сақталып отырғанын жеткізді. Бұл жоғары сырқаттанушылыққа және адамдарды вакцинациялау көрсеткіші әлі де төмен болуына байланысты.