«Жеке құрам еліміздің 19 қаласында қоғамдық тәртіпті күзетуді қамтамасыз етеді, нәтижесінде, өткен жылы көше қылмысы 52,2% азайды. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша ұландық әскери жасақтармен 3761 құқық бұзушы құрықталған. Оның ішінде 276 адам қылмыстық белгілерге қатысы бар дерекпен ұсталған. Сонымен бірге 25 дана суық және атыс қаруы тәркіленді. Мемлекет пайдасына 2 млн теңге мөлшерінде айыппұл өндіріп алынды», - деп мәлімдеді ҚР Ұлттық ұлан Әскери кеңесінің хатшысы Савердин Имиров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөйлеген сөзінде.


Ол сондай-ақ Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуынсыз бірде-бір ірі халықаралық, қоғамдық-саяси, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізілмейтінін атап өтті.


Бұл тізімде V Астана экономикалық форумы, Әлемдік діндер көшбасшыларының съездері, 2010 жылғы ЕҚЫҰ Саммиті, 2011 жылғы Азия ойындары және т.б. бар.