Сонымен қатар, жыл сайынғы біржолғы материалдық көмек төлеу дәстүрге айналды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Жеңіс күні қарсаңында жергілікті атқарушы органдар ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және ҰОС Жеңіске үлес қосқан азаматтардың басқа да санаттарына төлемдерді жүзеге асыру үшін 6,4 млрд теңге қарастырылған.

«ЕХӘҚМ облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске үлес қосқан азаматтардың жоғарыда аталған барлық санаттары үшін материалдық көмектің ең төменгі кепілді шегін белгілеуді ұсынды. Нәтижесінде, барлық өңірлерде ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне бір реттік материалдық көмек 1 млн теңге көлемінде стандартталған. Қоршаудағы Ленинград тұрғындары мен концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына – кемінде 50 мың теңге. ҰОС қайтыс болған мүгедектердің әйелдеріне, ҰОС кезінде қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне және ҰОС жылдары тыл еңбеккерлеріне - кемінде 30 мың теңге», - деді Ерлан Әукенов.

14 өңірде төлемдер жүзеге асырылды. Қалған өңірлерде 9 мамырға дейін аяқталады. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығын мерекелеу құрметіне ардагерлерге естелік сыйлықтар табыс етіледі.