«Тәуелсіздік Ұрпақтары» жобасының мақсаты – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жас қазақстандықтардың жетістіктерін танымал ету.


«Министрлік тарапынан үкіметтік емес ұйымдарға осындай гранттар арқылы қолдау көрсетіледі. Мемлекет басшысы 2020 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан дарынды жастар мекені, ертең еліміздің абыройын асыратын да осы талантты ұл-қыздар, біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін мүмкіндіктер жасауға тиіспіз деп атап өткен болатын. «Тәуелсіздік Ұрпақтары» жобасының мақсаты – тәуелсіздік ұрпақтарының өз саласы бойынша өз күшімен, өз білімімен жеткен жетістіктерін жастарға көрсету. Жалпы, жоба аясында күтілетін негізгі нәтиже - танымал қазақстандық жастарды әртүрлі әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде тарату, бейнероликтер түсіру, көрсету арқылы, солардың жеткен жетістіктерін, оларды үлгі ету», - деді Ш.Байманов.


Жоба міндеті – Қазақстанның барлық өңірінен 500 жастардың ең қызықты және шабыттандыратын табыс тарихы жинақтау, мектеп, колледж және ЖОО оқушыларына онлайн коучинг-тренингтер, мемлекеттік бастамаларды ілгерілетуге және іске асыруға бағытталған мотивациялық коучинг-курстар ұйымдастыру.


Ал, «Профнавигация» жобасы қазіргі заманғы сұранысқа ие мамандықтар үшін жастардың дағдылары мен құзыреттерін дамытуға бағытталған. 


Жоба міндеті – болашақ кәсіптердің халықаралық трендтеріне шолу жасау, жоғары сынып оқушылары үшін мансап құру алгоритмін әзірлеу, 20 мыңнан астам жоғары сынып оқушылары үшін мамандық таңдау, мансап құру, ғылымның, бизнестің және мемлекеттік органдардың табысты өкілдерінен soft-skills дағдыларын дамытуға бағытталған онлайн-тренингтер өткізу. Жоба шеңберінде 60 аса тренинг ұйымдастырылды.


Сонымен қатар спикердің айтуынша, жастарды қолдаудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Ол 10 бағытты қамтитын 55 тармақтан тұрады.