«Жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласы - бұл еңбек нарығын сындарлы түрде өзгертетін негізгі трендтерді терең талдаумен, алдағы 5-10 жылға арналған ұлттық экономиканың перспективалы салалары мен кәсіптерінің болжамды картасы. Экономиканың негізгі 9 саласы - тау-кен металлургия кешені, мұнай-газ саласы, ауыл шаруашылығы, көлік, тасымалдау, машина жасау, ІТ және коммуникация, ауылшаруашылық, туризм салалары бойынша 463 мамандық жазып шықтық, оның ішінде жаңа мамандықтар, өзгеріп жатқан мамандықтар және еңбек нарығынан ақырындап кетіп бара жатқан мамандықтар бар», - деді Саясат Нұрбек. 


Атластың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі барлық материалдары www.enbek.kz/atlas ҚР ЕХӘҚМ сайтында ұсынылған.  


Сонымен қатар, «EduNavigator.kz» арнайы кәсіптік бағалау платформасы кез келген оқушыға ЖОО, колледж деңгейіндегі жастарға өзін-өзі бағалап, өзінің дағдыларын, дарындарын, қызығушылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл платформа еңбек нарығындағы мамандықтар бойынша нақты әр балаға, тұлғаға кәсіби ақыл-кеңес беріп, еңбек нарығы бойынша толық ақпарат ұсынады.   


«Бұл жоба біздің құралдар арқылы ақпаратты пайдалы және жекешелендірілген түрде ұсынады. Әр мамандықтың болашағы, еңбекақысы, автоматтандыруға ұшырау қауіп-қатері, тапшылығы, сұранысы туралы толық ақпарат береді. Бұл жобаның маңыздылығы - болашақ еңбек нарығының проблемаларын орта мектеп деңгейінде шешуге үлес қосуында», - деді спикер.