Олардың басты қызметі – жастарға қатысты мәселелерді анықтау, мемлекеттік бағдарламаларды жастарға түсіндіру, жұмыс мәселесіне қатысты жәрмеңкелер, әлеуметтік желілерде ақпараттандыру, түрлі мәдени шаралар ұйымдастыру, әлеуметтік зерттеулер , талдамалық жұмыстар жүргізу.


«Республика өңірлерінде стратегиялық сессиялар, қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылды. Басты мақсаты жергілікті жерлердегі жастардың проблемаларын, оларды шешу үшін қажетті іс-қимылдарды анықтау. Биыл «Жастар саясаты туралы» заңға өзгерістер енгізу көзделген, Ұлттық баяндама әзірленді. 2020 жылғы Жастар ғылыми зерттеу орталығының баяндамасында, жастардың Топ-3 негізгі проблемалары көрсетілген. Бұл білім, жұмыс және тұрғын үй мәселесі», - деді Ш.Байманов.


Оның айтуынша, бұл мәселелерді шешу үшін арнайы жобалар қолға алынып, шаралар ұйымдастырылып жатыр.