«1 тоқсанның қорытындысы бойынша Қор сарапшылары 203,6 мың ақауларды анықтады, айыппұлдарды есепке алғанда 3,5 млрд теңге сомасын құрады. Анықталған ақаулардың ішінде 29,3 млн теңге сомасына 3 823 жағдай жалған есеп деп аталатын көрсетілмеген қызметтерді құрайды. Биылдан бастап бұзушылықтардың алдын алу үшін Қор мониторингтің жаңа түрі – проактивті мониторингті енгізді. Енді ақау анықталған жағдайда, жеткізуші қорытындыға қол қойылған күннен бастап 45 күнтізбелік күн ішінде анықталған ақаулар мен орындалмаған міндеттемелерді жоюы керек. Көрсетілген мерзімде ақаулар жойылмаған жағдайда, айыппұлдар қарастырылған.  Бұл жаңа енгізілім медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға және жеткізушілермен сенімді қарым - қатынас жасауға мүмкіндік береді», - деп ескертті спикер.


І тоқсанда 321 медициналық ұйымда проактивті мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында анықталған Қор сарапшыларының негізгі ескертулері: ақпараттық жүйелерде құжаттаманың дұрыс жүргізілмеуі, диагностика мен емдеу стандарттарынан ауытқу, медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасына тікелей әсер ететін кадрлардың жинақталмауы және медициналық техниканың толық жабдықталмауы. 


«Жалпы, 610 млн теңгені құрайтын 61 362 әлеуетті ақауы анықталды. Алғашқы тәжірибе медициналық ұйымдар үшін жағдайды түзетуге және одан әрі ақаулардың алдын алуға мүдделі екенін көрсетті,  ақауларды жасырудың «қатал» тәжірибесі жойылды, бұл ақаулардың себептерін талдауға, анықтауға және жағдайды жоспарлы түрде түзетуге мүмкіндік бермей жүргендігі анықталды. Біздің сарапшылар медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін жақсарту бағытында ұдайы жұмыстар жүргізеді және сайып келгенде, пациенттердің құқықтарын сақтау үшін бәрін жасайды», - деп атап өтті Төкежанов.


Ресми мәліметтерге сәйкес, проактивті мониторинг қорытындысы бойынша 61 мың ақаудың тек 10,4 мың ақауы бойынша ғана медициналық ұйымдарға айыппұл салынды.