«Жүкті әйелдер, балалар тіс жегін емдей алады. Сондай-ақ, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, мүгедектігі бар азаматтарға, зейнеткерлерге, атаулы әлеуметтік көмек алатындарға жедел стоматологиялық көмек көрсетіледі. Мысалы, ауырған тісті жұлу. Бұдан бөлек, балаларда туа біткен ақаулар болса, ортодонтиялық көмек тегін болады», - деді Л.Шоманова. 


Оның айтуынша, стоматологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың тізімі Қор сайтында жарияланған. Тізімде көрсетілген кез келген клиникаға жолдамасыз баруға болады. Қор ақпараттық жүйеде автоматты түрде қалыптасқан жолдама арқылы төлем жасайды.