Спикер Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы ШОБ-тың ЖІӨ-дегі үлесін 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу стратегиялық мақсатын қойғанын еске салды.

«ЕАЭО-ның таяудағы жылдарға арналған даму стратегиясын талқылау кезінде Қазақстан бірлескен өнеркәсіптік кәсіпорындар құру және мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік субъектілері арасындағы байланыстарды нығайту ЕАЭО нарығындағы кедергілерді жою және өзара сауда көлемін ұлғайту үшін қосымша серпін беретінін бірнеше рет атап өтті. ЕАЭО жұмыс істеген кезеңде осы бағыттағы жұмыстар белсенді жүргізілді. Бірлескен кәсіпорындар саны 2015 жылдан бастап 6272-ден 13 503-ке дейін өсті», деді Кушукова.

Сонымен қатар, спикер Қазақстан өнеркәсіптік кооперацияны тереңдетуді ЕАЭО-ны 2025 жылға дейін дамытудың орталық элементі деп санайтынын атап өтті.

«Бірнеше күннен кейін өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте президенттер Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қарастырады. Еуразиялық экономикалық одақтың барлық қатысушылары өнеркәсіптік ынтымақтастықты тауарлардың экспорттық желісін сапалы жақсарту құралдарының бірі ретінде бағалайды», - деді ол.