«Вакцинаның тиімділігі туралы айтқанда, біз вакцинацияның инфекцияға қарсы тиімділігі туралы айтамыз. «Спутник V» вакцинасына қатысты бұл көрсеткіш 92% - ол ауыр жағдайлар мен өлімнен қорғайды. Біздің міндетіміз - өндіруші мәлім еткен тиімділікке қол жеткізу. Бірақ мен біздің көрсеткіштерді мысалға ала отырып, бұған дейін де айтқам, вакцинацияның тиімділігі алғашқы дозадан кейін де көрінеді. Вакцинацияланған 1,8 млн адамның 541-і ғана ауырған, яғни 0,02%. Ал өндірушінің өзі болжаған көрсеткіш 8%, яғни 100 адамның 8-і ауырып қалуы мүмкін, бірақ ауыр жағдайлардан қорғау да маңызды. Егер адам екпе салдырып, коронавирустық инфекциямен ауырып қалса да, ол жеңіл түрде өтеді, бұл жағдай өліммен аяқталмайды», - деді комитет басшысы.