«Жазғы кезең жақындап келеді. Мен азаматтарымыздың демалғанын қалаймын, бірақ пандемия талаптарын ескере отырып, барлық санитарлық ережелер мен нормаларды орындау керек, өскелең ұрпақтың, балалардың арасында өлім-жітім көрсеткіші өсіп келе жатқанына назар аударғым келеді. Бұл су айдындарына да, балаларды биік ғимараттарда қараусыз қалдыруға да, әртүрлі қабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлап кетуіне де қатысты, олар жарақат алуға және өлімге әкеледі. Сондықтан қайғылы жағдайға душар болмас үшін ата-аналардың, ересектердің назарын балаларды қараусыз қалдырмауға аударамын. Екінші, өрт қауіпті кезең басталды. Бұған Риддер қаласын мысалға келтіруге болады. Қала сыртына әр түрлі пикниктерге шыға отырып, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды, орман алқабына қауіп төндіретін және, тиісінше, қайғылы жағдайларға, оттың тұрғын секторларға таралуына алып келуі мүмкін жерлерде оттың жайылуына жол бермеулеріңізді сұраймын. Қауіпсіздік туралы және бұзушылық жасаған жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ұмытпаңыздар!»,- деп ескертті генерал.