«Қарағанды облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақты Өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ды құрайды. Бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен 0,4% - ға төмен. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 19 ірі инфрақұрылымдық жоба іске асырылады. Еңбек нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін мемлекеттік бағдарламалардың барлық әлеуеті пайдаланылады. Жыл басынан бері Жұмыспен қамту органдарына шамамен 14 мың адам жүгінген. Оның ішінде 10 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды», - деді облыс басшысы. 


Сондай-ақ, ол өңірдегі экология мәселелеріне тоқталды. Өткен жылы Экология министрлігімен қала құрылысы компанияларымен бірлесіп Жол картасы бекітілді. Оны іске асыру таяу үш жылда шығарындыларды 30%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, облыстағы бірқатар ірі кәсіпорындарды газдандыру мәселесі шешімін табуда.