Оның айтуынша, сондай-ақ Жайық өзенінің сол жағалауындағы аудандардың 350 мың га дейін жайылым жерлерін суландыруға және Шалқар көлін қосымша сумен толтыруға мүмкіндік беретін үш су каналын реконструкциялау жұмыстары басталады.


«Жайық өзенінің мәселесіне тоқталар болсақ, Президент тапсырмасы шеңберінде Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының 2021-2024 жылдарға арналған арнайы бағдарламасы бекітілді. Бұл мәселе күрделі, бір жыл ішінде шешілетін іс емес, толық шешімін табу үшін екі елдін бірлескен іс-қимылы қажет. Қазіргі уақытта ғалымдар мен сарапшылар Жайық өзені бассейнінің зерттеуін бастады», - деді өңір басшысы.