«Биыл облыстың оңтүстік-батыс аудандарына автожолдар құрылысы жандандырылуда. Бөлінген 20 млрд теңгеге 118 км жолды жөндеу жоспарлануда. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі біздің өтінішімізді қолдап, «Атырау-Орал»  трассасын қайта құру бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді бастады», - деді облыс басшысы.