Министр атап өткендей, өткен 2020 жыл бұқаралық ақпарат құралдары үшін өте қиын болды, олар жарнамалық кірістердің шектелуі мен болмауына байланысты үлкен қаржылық қиындықтарға тап болды.


«Сондықтан, бірінші кезекте біз дағдарыстың салдарын жою бойынша жүйелі жұмысқа кірістік. Президенттің тапсырмасы бойынша және Үкіметтің қолдауымен мемлекет теңдессіз қолдау көрсетті, соның арқасында көптеген жеке БАҚ өз жұмысын жалғастыруға мүмкіндік алды.
 Жалпы, 2020 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру 88 БАҚ арқылы сәтті жүзеге асырылды. Олардың күшімен COVID-2019-ға қарсы іс-қимыл және таратпау жөніндегі шараларды ақпараттық түсіндіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. 250-ден астам бейнеролик шығарылды. «Ел арна» және «Балапан» телеарналарының эфирінде «онлайн сабақтар» трансляциясы қамтамасыз етілді, бұл қазақстандық балаларға инфекция жұқтыру қаупінсіз мектептерде үздіксіз білім алуға мүмкіндік берді.
Пандемияның алғашқы күндерінен бастап елімізде «coronavirus2020.kz» порталы іске қосылды. Осы сайттың «Telegram-арнасы» ашылды, ол елдің 240 мыңнан астам жазылушысы бар ең танымал Телеграмм-арналарының біріне айналды.
Пандемиямен байланысты жаппай таралатын фейктерге қарсы іс-қимыл мақсатында 2020 жылғы шілдеде «stopfake.kz» сайты іске қосылды, ол құрылған сәттен бастап 1 263 жалған ақпарат теріске шығарылды", - деді ведомство басшысы.


Министрдің айтуынша, бүгінгі жағдайды ескере отырып, ақпараттық ресурстардың қызметі халыққа халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау бойынша жүргізіліп жатқан науқанның маңыздылығын түсіндіруге бағытталған.