Маңызды жетістіктердің бірі ретінде спикер 10 жылға арналған азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының қабылданғанын атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта салалық ведомство бірінші кезеңді іске асыруға кірісті, онда негізінен заңнамалық және ұйымдастырушылық тетіктерді жетілдіру мәселелері жинақталған. Екінші кезең – нақты іс-шараларға тікелей көшу.


Министр «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға енгізілген түзетулердің қабылдануын маңызды қадамдар деп атады, олар осы институттың өкілеттіктерін едәуір кеңейтіп, күшейтті. Мәселен, жұмыс істеп тұрған 237 қоғамдық кеңестің қатарына квазимемлекеттік сектор субъектілерінде тағы 13-і қосылды, осылайша мемлекетті басқару процесіне тартылған азаматтар саны 3 мыңға дейін ұлғайтылмақ. Бұдан былай қоғамдық кеңес мүшелерінің кемінде 70%-ы ҮЕҰ-дан тұруы тиіс екенін ескерсек, бұл еліміздің азаматтық секторының пайдасына жасалған елеулі қадам деуге болады. 


 Мемлекет басшысының бастамалары мен тапсырмаларын іске асыру туралы айта отырып, Аида Балаева «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы мен Бірыңғай заңды онлайн-петиция институтын құру бойынша түзетулерге ерекше тоқталды. Спикердің ақпараты бойынша, заң жобасы талқылаудың белсенді кезеңінен өтуде. Жұмыс тобында қағидаттық ұстанымдары негіздемелік сипатқа ие болатын және қоғамдық бақылау жүйесінің құқықтық негіздерін жасайтын құжатта көрініс тапқан белгілі сарапшылар-заңгерлер, құқық қорғаушылар, қоғам қайраткерлері бар.


«ҮЕҰ ұсыныстарының, Азаматтық форумға қатысушылардың ұсыныстарының негізінде биыл біз қолданыстағы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» және «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңдарды біріктіретін «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заң жобасы тұжырымдамасының жобасын әзірлеуді бастадық. Заң жобасы шеңберінде КЕҰ тіркеу рәсімдерін жетілдіру және оңайлату, КЕҰ үшін салықтық преференциялар бойынша нормалар көзделген. Заң жобасын Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының тұжырымдамалық жоспарына енгізу 2022 жылға жоспарланған», - деді А.Балаева. 


Спикердің айтуынша, ҮЕҰ-мен консультативтік жұмыстың нәтижелері ҮЕҰ үшін грант берудің қолданыстағы қағидаларына өзгерістер болды. Осылайша, гранттық қаржыландыру тақырыптары енді жабық форматта емес, халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, интернет-ресурстарда жария талқылау арқылы қалыптастырылады. Грант алушылар мен сарапшыларды іріктеу бойынша конкурстар әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен қатар ҮЕҰ-ға сыйлықақы беру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Енді ҮЕҰ-ға электрондық пошта арқылы онлайн өтінім беру мүмкіндігі берілді. Ағымдағы жылы қатысушылар санын 2-3 есеге арттыру көзделген.