«Бұл Президенттің бастамасы жалпыхалықтық қолдау тауып қана қоймай, қоғамдық өмірге азаматтық белсенділіктің нақты нысаны ретінде енгенін айқын көрсетеді. Сондықтан, өткен жылы құрылған үлкен институционалдық әлеует пен адами ресурстарды пайдалана отырып, биыл волонтерлікті қолдау жөніндегі Жол картасын іске асыруды бастадық. Оның маңызды жетістіктерінің бірі Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың ұсынысынан кейін БҰҰ Халықаралық волонтерлерді жұмылдыру жылының жариялануы болады деп ойлаймыз», - деді министр. 


Спикердің айтуынша, қайырымдылық қызметті дамыту бойынша шаралар айтарлықтай нәтижелі болды. Пандемия өзара көмек көрсетудің маңыздылығын жеткізді. Барлық өңірлерден келген азаматтар республика бойынша отандастарына өз еріктерімен қол ұшын соза бастады. Осы дәстүрді сақтай отырып, биыл Мемлекет басшысының бастамасы бойынша жалпыхалықтық игі істер марафоны басталды, ол да жұртшылықтың кең қолдауына ие болды. Бірінші тоқсанда 2 500-ден астам түрлі форматтағы іс-шара іске асырылды, оларға 2 млн аса азамат қосылды.


 «Әрине, қайырымдылық – қоғамдық қызметтің ерекше түрі, ол, ең алдымен, құқықтық негіздерді жетілдіру тұрғысынан тұрақты ынталандыруды қажет етеді. Сондықтан Президенттің тапсырмасы бойынша волонтерлік пен қайырымдылықты дамыту мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер топтамасы әзірленді, ол қазіргі уақытта кең қоғамдық талқылаудан өтуде», - деп түйіндеді А.Балаева.