«Биыл Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында қосымша 6 жоба іске қосылады. Бұл жобалар ферроқорытпалар, құрылыс арматуралары, болат дәнекерленген құбырлар және басқа да металл өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Түсті металлургия бойынша 2021 жылға жоспарлы көрсеткіш 104% деңгейінде белгіленген. Мырыш өндіру көлемі 18% - ға, қорғасын 18% - ға, мыс концентраты 9% - ға, алюминий 6% - ға ұлғайтылады», - деп түйіндеді Атамқұлов.


Айта кетейік, жыл соңына дейін өндірістің қосымша көлемі Жәйрем КБК, Ақтоғай 2 Қазминералс және Сәтбаев тау-кен байыту кәсіпорнының, сондай-ақ алтын шығару фабрикасының іске қосылуын қамтамасыз етеді.