«Ashyq» қосымшасы министрліктің балансына алынып, құрылымдық компанияның сүйемелдеуіне берілді. Қауіпсіздік жағынан «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы жауапты болады. Көпшіліктің сұрауы бойынша біз мультиплатформалық бағытта жұмыс істейтінімізді айтқан болатынбыз. Сондықтан Ashyq функционалы Kaspi мобильді қосымшасында да қолжетімді. Алдағы уақытта Halyk Bank қосымшасында пайда болады. Басқа банктер де, басқа кәсіпкерлер де өз ұсыныстарын жіберіп жатыр, олармен бірге жұмыс істеп, келесі айда тағы ақпарат беретін боламыз», - деді ведомство басшысы.


Б.Мусиннің мәліметінше, бүгінде 10 мыңға жуық кәсіпорын «Ashyq» арқылы өз жұмысын жандандырып, экономикаға пайдасын тигізіп, азаматтарға қызмет көрсетуде.