Оның айтуынша, медициналық ұйымдарда да препараттар жеткілікті.


«Өткен жылдан бастап еліміздің медициналық ұйымдарына COVID-19 емдеу хаттамасына сәйкес дәрі-дәрмек үздіксіз жөнелтілуде, бұл - 91 позиция. Осы атаулар бойынша қалдық жыл басында 9,1 млрд теңгені құрады. 2021 жылдың басынан бастап ауруханаларға 8,7 млрд теңгеге дәрі-дәрмек тиелді. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тізбесі 5 атауға («Парацетамол» және «Ибупрофен» ыстықты түсіретін препараттар, антикоагулянттар) кеңейтілді. 2021 жылғы кезеңде республика емханаларына 2 млрд. теңгеге аталған препараттар жөнелтілді. Сонымен қатар, тұрғындарға рецепт бойынша 500 млн теңгеге жіберілді», - деп атап өтті спикер.


Сонымен қатар, әкімдіктердің өтінімдері бойынша тапшылық туындаған жағдайда бөлшек сауда желісіне араласу үшін 1,8 млрд теңге сомасына 26 атау бойынша 2 айлық қор құрылды, 10 миллион қорғаныс маскалары сатып алынды, балаларға қамқорлық жасалды. 200 мың бір реттік қорғаныш костюмі Бірыңғай дистрибьютордың ХАБ-тарында сақталуда.