Кейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі іркілістің себептері медициналық ұйымдардың дұрыс жоспарламауы, денсаулық сақтау басқармаларының, МӘМС қорының қатысуымен өтінімдерді жинау мен келісудің көп сатылы процесі болып табылады.


«Осыған байланысты, Бірыңғай дистрибьютордың жұмысын қайта жүктеу аясында жоспарлаудың жаңа моделі ұсынылды. Оның мәні «ДАЭТ» және «МАЖ» ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде автоматты режимде қажеттілікті қалыптастыру болып табылады. Бұл ретте, Бірыңғай дистрибьютор өз қоймаларына жеткізудің икемді кестесімен жылдық көлемді сатып алуды жүргізуге дайын, бұл шара төмендемейтін қордың 25%-дық үлесімен толықтырылады, оны жақын арада резерв ретінде қосымша сатып аламыз. Бұл бізге бизнес-процестерді оңтайландыруға, медициналық ұйымдарға жөнелтудің үздіксіздігін қамтамасыз етуге, жеткізу тізбегін басқаруға, медициналық ұйымдар мен қоймалардағы тауар алшақтығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Осы бағыттағы пациентке бағдарлану маңызды болып табылады. Сондықтан біз жоспарлау бойынша жақсартуды ерекше бақылауда ұстаймыз», - деді Е.Есқалиев.


Сондай-ақ, ол цифрландыруға көшу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Дәрі-дәрмекті сатып алу 2022 жылдың өзінде толығымен электронды форматта жүргізілетін болады. Тендерлік рәсімдердің мерзімі қысқарады, адами фактор алынып тасталады.


Орфандық препараттарды халықаралық фармкомпаниялар арқылы сатып алу мүмкіндігі пайда болады.