«Қазіргідей бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру қажеттілігі бұрын-соңды болған емес. Сондықтан БҰҰ 2021-2030 жылдардағы экожүйелерді қалпына келтірудің онжылдығының басталуын жариялады, бұл біздің планетамызды сауықтыруға жаһандық үндеу, ол 2030 жылға қарай барлық 17 Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді. Экожүйелер жер бетіндегі бүкіл тіршілікті қолдайды. Біздің экожүйелеріміз неғұрлым сау болса, планета мен тұрғындар да соғұрлым сау болады. Қазіргі уақытта шығарындылар көлемі өзгерістер басталған 1990 жылмен салыстырғанда 62% - ға жоғары. Жылынудың градусының әр оныншы дәрежесі маңызды. Париж келісіміне сәйкес, температураның жаһандық өсуін 2 градустан төмен, 1,5 градус Цельсийден артық төмендету қажет. Егер біз қазіргі үрдістерді тоқтатпасақ, онда Қазақстанда ауаның орташа температурасы 2050 жылға қарай 2-3 градусқа және ғасырдың соңына қарай 3-6 градусқа көтеріледі. Біз экожүйелер мен көміртегі қоймаларын қалпына келтірместен, Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізе алмаймыз», - деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БҰҰ тұрақты үйлестірушісі Микаела Фриберг-Стори.


БҰҰ командасы климаттық әрекеттерді өз жұмысының басты бағыты етіп белгіледі. 


БҰҰ-ның 2021-2025 жылдарға арналған Орнықты даму саласындағы ынтымақтастығының негіздемелік бағдарламасы шеңберіндегі үш стратегиялық басымдықтардың бірі ретінде орнықты, климаттық жауапты және өмірге төзімді дамуға ден қою үшін үкіметті қолдаудың өршіл жоспары әзірленді. Сарапшы қазақстандықтарды экожүйелерді қалпына келтіру және экологиялық хабардарлықты арттыру үшін жаңа, стандартты емес шешімдерді іздеу бойынша конкурс жариялап, «Қазақстандағы климат үшін өзгерістер» бағдарламасына қатысуға шақырды. 


«Біз Қазақстанның журналистері мен блогерлеріне өз дағдыларын қоршаған ортаға қызмет етуге арнауға және Глазгода өтетін COP26 саммитіне сапарды және жеңімпаздарға арналған 2500 АҚШ долларға дейінгі электрондық жабдыққа ваучерлер ұтып алуды ұсынамыз. Қатысушылар адамдарды ынталандырып, қоғамда пікірталас ттудыру үшін 800 сөзден тұратын мақала жазып, ұсынуы тиіс. Біз сіздердің идеяларыңызды күтеміз, үлес қосыңыздар», - деді Микаела Фриберг-Стори.
Жеңімпаздардың есімдері 7 қыркүйекте Халықаралық ашық аспан күні жарияланады.