«Жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оларды республикалық маңызы бар трассаларда, оның ішінде авариялық-қауіпті учаскелерде, аялдамаларда, жол бойындағы сервис орындарында – бұл халықаралық көлікке арналған тұрақтар, кемпингтер, сондай-ақ мобильдік және өзге де байланыс жоқ учаскелерде орнату жоспарланған», - деді министр.


Сонымен қатар, осы жылдың ақпан айынан бастап «Police 102» мобильді қосымшасы іске қосылды. Бұл азаматтарға ұялы телефондар, электрондық пошталар және басқа байланыс құралдары арқылы полицияға аудио, видео және мәтіндік өтінішпен жүгінуге мүмкіндік береді. Бұл қызметті қазірдің өзінде 46 мыңнан астам адам пайдаланды. Келіп түскен сигналдардың арқасында 2 мыңнан астам қоғамдық тәртіпті, жол қозғалысы ережелерін және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы бұзушылықтардың жолы кесілді. Осылайша қоғамда құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қалыптасады.