«Үш жылдан бері ішкі істер органдарына үлкен реформа жүріп жатыр. Жыл басынан бері елдегі қылмыс 2,5%-ға азайды. Қарақшылық шабуыл – 7%, тонау –22%, бұзақылық – 26%-ға қысқарды. Сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы, қоғамдық орындар мен көшелерде және мас күйінде жасалатын қылмыстар төмендеді», - деді министр.


Сонымен қатар, қоғамдық орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге де баса назар аударылады. 


Ведомство басшысының айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен «жұртқа жақын полиция» жоспары іске асуда. Оның шеңберінде тұрғын үй айналасында, саябақтарда және скверлерде жаяу патрульдің саны көбейтіліп, қалалардың аса криминогендік учаскелерінде заманауи полицияның модульдік бекеттері орнатылып жатыр. «Полицияны шақырту» дабыл жүйесі орнатылды. 


ІІМ мәліметінше, модульдік бекеттер орнатылған аудандарда құқықбұзушылықтар саны қысқарды. Қазір өңірлерде осындай 57 бекет бар. Жыл соңына дейін тағы 27 салынады. 5 жыл ішінде барлығы 167 бекет орнату жоспарланған.