«Қаражат Жамбыл облысының әкімдігіне трансфертпен берілді. Бүгінгі таңда әкімдік тапсырыс беруші болып табылады. Олар конкурс өткізіп, ЖСҚ дайындап, аталған құжатқа мемлекеттік сараптама алып, мердігермен шарт жасасып, зауыт құрылысын бастады. Жамбыл облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды, шамамен 100% - ға жабдық әкелінді. Әңгіме осы жабдықты тексеру, орнату және іске қосу туралы. Зауыттың өзі GMP жоғары талаптарына жауап беруі керек, бұл таза бөлмелер және зауытты өндіруге арналған арнайы өте жоғары талаптар, алдын ала тексеру, вакцинаның тұрақтылығы, оны құю, таңбалау және басқа кезеңдерге қойылатын талаптар, ауқымды жұмыстар жүргізу қажет. Әкімдік пен мердігер осы мәселелермен айналысады», - деді министр.


Ал «журналистерді неге нысанға жібермейді?» деген сұраққа Аймағамбетов бұл мәселені шешуге тырысатынын жеткізді. 


«Мен әріптестерімнен сұрап, зауытты барлық журналистерге көрсету үшін тур ұйымдастыру бастамасын көтеремін. Бірақ біз тапсырыс беруші болмағандықтан, уәде бере алмаймын, бірақ осындай өтініш жасаймын», - деді спикер.