«Ұсынылып отырған субсидиялау жүйесі туроператорларды шетелдік туристердің кемінде 5 күн болу мерзімімен пакеттік сатуды (тұратын жері, экскурсиялары, трансфері, тамақтануы және басқалары) дамытуға ынталандыратын болады. Олар туристтен де ақша табады және мемлекеттен субсидия түрінде «сыйақы» алады. Мысалы, егер туроператор Қазақстанға турпакет құрамында мың шетелдікті әкелсе, ол мемлекеттен 15 млн теңге алады. Ал алынған қаражатты туроператорлар шетелдік әріптестермен өз әріптестігін одан әрі кеңейту және елімізге туристерді тарту жөнінде келісім жасасу үшін халықаралық көрмелерді ілгерілетуге және оған қатысуға пайдалана алады»,- деді спикер. 


Бұдан басқа, туристік қызмет объектілерін салу немесе реконструкциялау кезінде шығындардың бір бөлігін өтеу көзделген. Бұл туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын заманауи қонақ үйлер мен демалыс орындарының санын одан әрі кеңейту үшін жасалады.


«Шығынды өтеу салынған инвестициялардың 10% мөлшерінде жүзеге асырылады және жобаны іске асыру орнына байланысты болады. Сондай-ақ объектілердің өлшемділігіне белгілі бір талаптар қойылады. Мысалы, ТОП-10-ға кемінде 100 бірлік нөмірлік қоры бар объект салу қажет, ал Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларын қоспағанда, қалған аумақтарда кемінде 30 бірлік салу қажет. Бұл шара жобаның капитал сыйымдылығын төмендетуге және салынған инвестициялардың өтелімділігін арттыруға мүмкіндік береді»,- деп түсіндірді комитет басшысы.


Республикалық маңызы жоқ жолдарда жол бойындағы сервис объектілерін салу кезінде де шығындарды 10% өтеу көзделген. Санитарлық тораптар салуға шешім қабылдаған кәсіпкерлерге айына 83 мың теңге төлейтін болады. Бұл облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға, туристер жиналатын негізгі орындардағы жеке тұрған стационарлық үй-жайларға да, өтемділігі төмен жол бойындағы сервис объектілеріне де қатысты болады.