«Бұл статус алдымен қаламызға деген қызығушылықты арттырады. Туристер болсын, зиярат жасаушылар болсын, жалпы түркі халқы болсын. Әлемдегі тарихпен қызығатын адамдарға Түркістанға келу қызық болады, әуежай, Керуен сарайы, т.б. нысандарды тиісті сұраныспен қамтамасыз етуіміз керек. Сұраныс болса, туризм болса, ол міндетті түрде жергілікті халықтың әл ауқатына оң әсерін тигізеді», - деді Ө.Шөкеев өз жауабында. 


Оның айтуынша, бүгінде Керуен сарайда мыңға жуық жергілікті тұрғын жұмыс істейді. Егер мейрамханалар, қонақ үйлер және т.б. көбейсе, қосымша жұмыс орындары ашылады.