«Мен бұл туралы бірнеше рет айтқам, үкіметтік деңгейде де... Жалпы, аяқталғалы тұрған бірінші кезеңде Түркістанға 445 млрд теңге салынды, оның жартысы - жеке инвестициялар, жартысы – бюджеттік, бірақ «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламалары, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде. Нормативтерге сәйкес республикалық бюджет пропорционалды түрде бөлінеді. Тиісінше, халық тығыз орналасқан аймақ болған соң бізге көбірек тиеді. Үкімет шешімімен, Елбасының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын жекелеген жобалар бар. Мұнда хаттама бойынша барлық облыстар бір-бір нысаннан салды. Ал егер осының бәрін ескермесек, айтарлықтай ештеңе жоқ, Түркістан облысын басқа қаржыландыру жоқ», - деді Өмірзақ Шөкеев журналистің сұрағына берген жауабында.