«Биыл өңірдің өнеркәсібі кем дегенде 543 млрд теңгеге жетеді деп күтілуде. Жыл басынан бері 436 млрд теңгеге 11 жоба іске асырылады. Облыс экономикасына 421 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған. Бүгінде оның 74 млрд теңгеге 5 жоба жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Еврохим, Қазфосфат зауытының 2-ші кезегі, каустикалық сода шығару, сондай-ақ, инвесторлармен бірігіп алтын өндіру және т.б. жобалар. Бұл жерде арнайы құрылған «Химпарк» экономикалық аймағы, Тараз қаласында құрылған индустриялық аймақты пайдалану қажет. Қазір АЭА-да картоп шығаратын зауыттың құрылысы басталды, гербицид шығаратын зауыт жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар жаңа, жобаларды жүзеге асыру үшін 6 компаниямен келісім жасалды», - деді өңір басшысы. 


Елімізде өндірісті, кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы аясында облыс бойынша құны 75 млрд теңгені құрайтын 224 жоба қолға алынды. Қазіргі кезде 54 млрд теңгеге 160 жоба қаржыландырылды. Бұл жобаларды жүзеге асырудың нәтижесінде кем дегенде 2835 жаңа жұмыс орны құрылады, бюджетке 8 млрд жуық салық түседі деп күтілуде.