Оның айтуынша, бүгінде оқу орны «Атамекен» ҰКП рейтингі бойынша ХБК «үздік 10 жоғары оқу орнының» қатарына еніп, 8-орынға тұрақтады. 

 
 «Халықаралық білім беру корпорациясы 2007 жылы Тұңғыш президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, еліміздегі білім беру саласының сапасын көтеру және университеттер әлеуетін арттыру бағытында жүргізген саясатын негізге ала отырып, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА) және Қазақ-Америка университеті (ҚАУ) негізінде құрылған болатын. Оның құрамына екі колледж - Сәулет және Құрылыс колледжі мен Алматы байланыс колледжі, екі мектеп - ҚазБСҚА жанындағы лицей және ҚАУ жанындағы ЮНЕСКО қауымдастырылған мектеп кіреді. ХБК-да қазіргі кезде әлемнің 32 еліндегі 117 шетелдік ЖОО-мен ынтымақтастық туралы шарттар жасалды», - деді ЖОО ректоры.  


Қызметкерлердің, профессорлық-оқытушылық құрам мен білім алушылардың әлеуметтік жағдайын жасау оқу орнының басты мақсаттарының бірі болып табылады. Бұл ретте корпорацияның 100-ден астам оқытушылар мен қызметкерлеріне арнайы жеңілдікпен жаңа пәтерлер берілді. Сонымен қатар, ұйым жұмысына шексіз үлесін тигізген адамдарға арнайы жеке зейнетақы тағайындалды.