«Халықаралық білім беру корпорациясы ұйымдастырған байқау - бұл Қазақстанға көшудің бірегей мүмкіндігі. Біріншіден, олар білім алып, дос табады, екіншіден, туған жерінде, бірақ олар үшін бейтаныс елдегі өмірге бейімделеді. Болашақта олар Қазақстанға өз туыстарының ғана емес, таныстары мен достарының да көшуіне ықпал етеді. Халықаралық білім беру корпорациясы біздің елден тыс жерде тұратын 20 отандасымызға Қазақстанда білім алуға мүмкіндік бере отырып, болашақта Қазақстанға жоғары білікті мамандарды тартады, оларға ерген жүздеген отандасымыз өз білімдері мен күш-жігерін Қазақстанның дамуына жұмсайтын болады. Әрине, бұл игі іс және шетелде тұратын отандастарымызды - этникалық қазақтарды қолдау үшін жасалған қадам», - деді спикер. 


Сонымен қатар, ол достарының көбі мұндай мүмкіндіктердің бар екеніне таң қалғанын айтты. Бұл олқылықты жою үшін Айвар ақпараттық видео әзірлеген. Айта кетейік, конкурс туралы барлық ақпаратты корпорация сайтынан табуға болады.