Ол вирустың мутациясы өте жиі болатынын түсіндірді. Вирус - бұл ақуыз қабығымен жабылған жасушадан тыс тіршілік формасы, сондықтан тіршілік ету үшін оған бейімделу керек, өкінішке орай, бұл өте тез болады. Әрбір жаңа мутация оның күшеюінің белгісі, яғни инфекция тез жұғады, аурудың ағымы да өзгереді. Бұл ретте вакцинацияланған адамдар артықшылыққа ие.  


Қыпшақбаев скептиктердің ең танымал сұрақтарына да жауап берді. Атап айтқанда, егер вакцинация инфекциядан сақтануға жүз пайыз кепілдік бермесе, онда неге егілуім керек? 


«Жауабы айқын. Вакцинацияланған адам, оның иммундық жүйесі дайын, антиденелер қалыптасқан, тиісінше, вирус жұқтырғанда ағза тиісті түрде әрекет етеді. Ауырып шыққан адам лотерея секілді, ауру жеңіл симптомсыз түрде болуы ықтимал немесе ӨЖЖ қосылу, өлім жағдайларына әкелуі мүмкін. Вакциналардың жанама әсерлері туралы сұрақтарға келсек. Елестетіп көріңізші, адам күн сайын үйінен шығып, көлігіне отырып, кетеді. Теориялық тұрғыдан алғанда, оның апатқа ұшырап, қайтыс болу қаупі бар. Дегенмен, біз көліктерден бас тартпаймыз, оларға қарсы қозғалыс жоқ. Вакциналармен де жағдай солай: жағымсыз реакциялардың пайда болу ықтималдығы бар, сонымен қатар вакцинацияға қарсы өте күшті қозғалыс та жоқ емес, олар осы жағымсыз реакциялар туралы ғана айтады. Медицинада ең қарапайым дәрінің өзі, биологиялық белсенді қоспа, бәрі де қауіп төндіреді», - деп атап өтті спикер. 


Ал ауырып жазылғандықтан екпе салдырмаймын дейтін адамдарға эпидемиолог вакцинацияланбай, олар вирус тасымалдаушы бола алатындығын, өзіне ғана емес, халықтың әлеуметтік осал топтарына қауіп төндіретінін, ал олардың ішінде ата-аналары да, қарт туыстары да бар, нәтижесінде, бұл стационарлық денсаулық сақтау жүйелеріне түсетін жүктемені арттыратыны жайлы ойлануға кеңес берді. Егер бірлесіп әрекет етпесе, денсаулық сақтау жүйесі пациенттердің көптігін көтере алмай қалады. Біздің жалғыз амалымыз – вакцинация.