Ядролық полигон тақырыбы егжей-тегжейлі зерттелді, түсірілімнің жартысы сонда өтті. Географиялық сұлулығын әлемнің түрлі ғажайыптарымен шатастыруға болатын Алматы облысы зерттелді. Елорда мен талантты жастар да тәнті етті.

«Біз Теміртауда болдық, онда 28 градус аязда жұмыс істедік. Біз қарапайым жұмыскерлермен сөйлесе алдық, олар істейтін жұмыс... олар өздерін осы зауыттың жұмысшыларымыз деп мақтанышпен айтады. Бізге барлық жағдайды көрсетті... Ол жұмыс істеген жерлерде мен оның жылы, мейірімді энергиясын сезіндім. Осыны сезінгенде ғана, мұнда жұмыс істеген адамның өз ұлтына қолынан келгенінше  барлық жақсылықты беруге тырысатынын түсінесің. Біз мұны көрдік және осыны фильмімізде көрсеткіміз келеді, сондықтан сіздер де оны көріп, өз еліңізге басқаша көзқараспен қарап, ол туралы біз сияқты көп жаңалықты білетін боларсыз», —деді жоба продюсері.

Игорь Кобзев Қазақстанға жиі келіп тұратындарын, ал әріптестеріне, серіктестеріне және достарына осында келіп, лайықты ел туралы айтатынын жеткізді.