«Диалог қорытындысы бойынша елге жолданатын ұсынымдар қабылданады. Елде алынған ұсыныстарды орындау құралдары мен әдістерін өз бетінше таңдау құқығы сақталады. 
2019 жылғы 20 желтоқсанда БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңес Қазақстанға қатысты тиісті құжатты қабылдады. Онда Қазақстан атына 245 ұсыным берілген. Барлық ұсынымдармен Кеңес сайтында танысуға болады. Ұсынымдарды орындау мерзімі – 2024 жылдан кейін өтетін келесі Шолуға дейін», - деді вице-министр. 


Оның айтуынша, ӘКШ адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы міндеттемелер мен міндеттердің орындалуын бағалаудың бірегей тетігін білдіреді. ӘКШ 2008 жылдан бастап БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің жұмысы шеңберінде жұмыс істейді. 


Шолудың мақсаты - елдегі адам құқықтарын қорғау мен көтермелеуді жақсарту бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар ету мүмкіндігі. Кеңесте тұрақты шолу бойынша мемлекеттердің міндеттемелері Кеңестің қарарында бекітілген. Кеңес БҰҰ Бас Ассамблеясы сайлайтын БҰҰ-ға қатысушы мемлекеттерден тұрады. Кеңестің құрамы әділ географиялық бөлу қағидаты бойынша айқындалады. Бұл процедурадан БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттер өтеді.