«Отандастар қоры» КЕАҚ 4 бағытта жұмыс атқарады. Атап айтқанда, шетел қазақтарының ұлттық бірегейлігін сақтау мақсатында мәдени-гуманитарлық жобаларды іске асыру, елімізге көшіп келген қандастарымызға қазақстандық қоғамда бейімделуіне жәрдемдесу, шетелдегі қазақтардың әлеуметтік ахуалы мен отандастарымызбен жұмыс істеудің  халықаралық озық тәжірибесін зерттеу, сондай-ақ, шетелдегі қазақ жастарымен байланыс орнату, оларды Қазақстанға тарту. Отандастар Қорының құрылуы осыған дәлел деп айтуға болады. Бұған дейін барлық шараларды Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы жалғыз атқарған болатын. Алайда, 2018 жылы 18 мамырдағы № 280 қаулысына сәйкес «Шетелдегі этникалық қазақтарды қолдау жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» қабылданды. Бүгінде ведомствоаралық комиссия тұрақты түрде жұмыс істейді, сондай-ақ, қор жанынан қоғамдық комиссия құрылды. Комиссияда шетелдегі қандастарымыздың немесе елімізге көшіп келген бауырларымыздың мәселелері талқыланып, шешімін табуда», - деді Сарбасов. 


«Отандастар қоры» КЕ АҚ құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі болып табылады.