«Қаржы мониторингінің міндеттері:  
- қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;  
- бірыңғай ақпараттық жүйе құру және республикалық деректер базасын жүргізу;  
- шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимылды және ақпарат алмасуды жүзеге асыру; 
- халықаралық ұйымдарда қылмыстық жолмен алынған алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ҚР мүдделеріне өкілдік ету», - деді Ноғайбаев. 


Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) - қылмыстық ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында әлемдік стандарттарды қалыптастырумен айналысатын үкіметаралық ұйым болып табылады және ұлттық жүйелердің аталған стандарттарға сәйкестігін бағалайды. Ұйым 1989 жылы құрылған, 37 ел және 2 халықаралық ұйым ФАТФ мүшесі болып табылады.