«Astana Hub» бастапқы сатыдағы стартаптарға арналған инкубациялық бағдарлама немесе product/market fit және scale сатысындағы акселерациялық бағдарлама сияқты оқыту бағдарламалары түрінде материалдық емес қолдау көрсетеді, сондай-ақ өз қатысушыларына салықтық және визалық преференциялар ұсынады. «Astana Hub» орбитасында 638 стартап барлық бағдарламалардан өтті, 507 компания, қатысушылар болып табылады, оларға салық жеңілдіктері жасалып отыр, сондай-ақ, «Astana Hub» - қа аударатын табыстарының 1% түрінде қарсы міндеттемелерге ие. Алғашқы аударымдар өткен жылдың жазында түсе бастады, қазір біз қаржыландыру ретінде экожүйені дамытуға қайта инвестициялауға дайын белгілі бір сома жинақталды», - деп сендірді хаб өкілі. 


Қаржыландырудың, инвестициялардың болмауы - барлық стартаптардың басты проблемаларының бірі. Осыны ескере отырып, «Astana Hub» дамудың әртүрлі кезеңдерінде IT-стартаптарды қаржыландырудың жаңа бағдарламасы – Seed Money әзірледі. Қолдаудың бұл түрі MVP, product/market fit және scale сатыларында IT-стартаптар үшін қолжетімді, яғни шартты түрде – жаңадан бастаушылардан бастап дамығандарға дейін. 


«Бірінші MVP кезеңі - бұл стартаптың алғашқы қолданушылары, мақұлданған идеясы минималды өнімі бар кезең. Бұл кезеңде 5 млн теңгеге дейін қаржыландырамыз. Product/market fit-тің екінші кезеңі - егер стартаптың мақұлданңан бизнес-моделі, клиенттері, тіпті инвестициялары болғанда. Бұл кезеңде 10 млн теңгеге дейін беріледі. Үшінші кезең - бұл scale, 6 ай ішінде трекшн көрсеткен, экономикаға оң әсерін тигізген және тиісінше дамуға дайын стартаптар үшін 20 млн теңгеге дейін», - деп түсіндірді «Astana Hub»IT-стартаптар халықаралық технопаркінің өкілі. 


Айта кетейік, толық ақпаратты «Astana Hub» ресми сайтынан алуға болады.