2019 жылы Гүлмира Пармышева бастаған «Белсен» ҚБ «Kishkentai инклюзивті шеберханасы» жобасын іске қосты. Олар балалардың тілін дамытуға арналған жиынтықтар шығара бастады. Жоба әлеуметтік кәсіпкерлік желісінен басталды, бұл бастамашылардың пилоттық жобасы. «Әрекет» грантының арқасында қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар сатып алынды. Гүлмира өзінің жетістікке жету тарихымен Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бөлісті. 


«Бір бөлмелі пәтерден басталған жоба «Әрекет» жобасының «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен қазір Алматы қаласында өзінің өндірістік инклюзивті шеберханасын ашты. Бұл қарапайым анаға серпін берді, өз идеясы бола тұра, оның басқа ата-аналарға баланың тілін шығаруға және дамытуға көмектескісі келді. Әуесқойлық деңгейден кәсіби деңгейге өту мүмкіндігіне ие болды. «Kishkentai» - енді ата-аналар мен мамандарға ерекше балаларды уақытында түзетуге, қалпына келтіруге көмектесетін қазақстандық дамытатын ойыншықтар бренді. Біз өндіретін барлық өнім дәл осы міндетке сай қызмет етеді. Мен алғашқы тренажерларды үйде жасадым, сынап көрдім, ұлыммен дайындалдым. Екі жыл бұрын, біз байқауға қатысуға келген кезде, алғашқы 3 млн теңгені алдық, 17 шаршы метрлік жерде алғашқы шеберхананы аштық, ойыншықтарды қазір ерекше қажеттіліктері бар жастар жасап жатыр», - деді спикер әлеуметтік жобаның мультипликативті әсері жайлы айта келе. 


Өнімнің Қазақстанда және оған жақын елдерде баламасы жоқ. Сертификатталған және гипоаллергенді шикізаттан жасалған эко-жиынтықтар. Бүгінгі күні ерекше қажеттіліктері бар 10 мыңнан астам баланың (аутистік спектрдің бұзылуы, балалардың церебралды сал ауруы, психо-сөйлеу дамуының тежелуі, сөйлеу дамуының тежелуі, назар тапшылығы мен гиперактивтіліктің бұзылуы) «Kishkentai» эко-жиынтығының арқасында тілі шығып, олар сөйлеу қабілетін дамыта алды.