Жер пайдаланушы жер учаскесін жалдау шартында ауыспалы егісті сақтау міндеттемесін алады. Алайда, бақылаудың тиімді тетіктерінің болмауына байланысты бұл міндеттемелер қағаз жүзінде қалады. Жергілікті жерлердегі жер инспекциясының қазіргі саны мен шектеулі техникалық жарақтандырылуы бақылау проблемасын шешуге мүмкіндік бермеді. 


«Қазіргі заманғы цифрлық технологияларды барлық жерде енгізу мен қолдануға үміт болды. АШМ осы бағытта жұмыстар жүргізді, бұл ғарыштық мониторинг және Жерді қашықтықтан зондтау. Алайда, бұл жерде мәселелер көп, біз оларды шешуге тырысудамыз. Мысалы, біздің жағдайымызға бейімделген суреттерді ашу әдістемесінің болмауына байланысты тек егіс және егін жинау науқанының барысын ғана бақылай аламыз, жер пайдаланыла ма, жоқ па, соны ғана бақылаймыз. Бірақ дақыл түрлерінің құрамын анықтай алмаймыз, және, тиісінше, ауыспалы егістің сақталуын бақылай алмаймыз. Бұл жерде қолданбалы ғылыми зерттеулер қажет және ғылыми ұйымдарды қаржыландырудың тиісті көлемімен қамтамасыз ете отырып, оларды жылдамдату керек. Бұл мәселені шешуді қолға аламыз. Екіншіден, жемшөп дақылдары үшін суармалы жерлердің ауданын кеңейту. Климаттың өзгеруі су ресурстарының тапшылығына алып келді. Нәтижесінде, суармалы жерлердің көлемі соңғы 30 жылда 1,5 млн гектарға дейін қысқарды. Мұндай жағдайларда қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларына көшу, ылғал сыйымды дақылдар алаңдарын қысқарту, су ресурстарының жаңа көздерін іздеу есебінен суармалы суды ұтымды пайдалану бұрынғыдан да маңызды. Бұл біздің алдымызда тұрған маңызды міндеттердің бірі», - деп сендірді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.

 

Жемшөп дақылдарының тұқым өндірісін дамыту да алдыңғы қатарда. Бүгінде оларды өсірумен барлығы 57 шаруашылық айналысады, бірақ толық қуаттылықпен емес.  


«Мұның себебі, бір жағынан, нақты сұраныс жоқ, екінші жағынан, малшыларымыздың көбі ескіше ойлайды: «табиғи шабындықтар есебінен азық мәселесін көп шығынсыз шешуге болатын кезде жемшөп алқабын құруға неге ақша жұмсау керек». Осы себептерге байланысты өткен жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бір мың тоннадан астам жемшөп дақылдарының тұқымын сатып алды, ал ғылыми нормалар бойынша елдің жемшөп өндірісін тұқыммен толық қамтамасыз ету үшін шамамен 300 мың тонна тұқым қажет. Біз егіншілікті әртараптандыру процесі, ғылыми негізделген ауыспалы егісті сақтау, сондай-ақ жайылымдарды түбегейлі және жер үсті жақсарту жөніндегі іс–шаралар жемшөп дақылдарының тұқымына тұрақты сұранысты қалыптастыруы тиіс, ал қазіргі құрғақшылық - жемшөп алқабын құрмай, саланың тұрақты дамуына тиісті түрде кепілдік беру мүмкін еместігін малшылардың есіне тағы да салуы тиіс», - деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.