Оның айтуынша, біріншіден, көп балалы отбасыларға табысы мен шығынына қарамастан әлеуметтік жәрдемақы төленеді. Екіншіден, жұмыс беруші мен қызметкер соңғысын қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру туралы келісе алады. 


«Өз пәтерінде» әлеуметтік - эпидемиологиялық салауаттылық туралы» заңнама талаптарын қойған шектеулерге байланысты қызметкер қашықтан жұмыс істеу режимінде қызметті жүзеге асыра алады. Қашықтан жұмыс істегенде төлем бойынша шектеулер болмайды. Егер оның еңбекке жарамсыздығы, уақытша еңбекке жарамсыздық парағы болса, бұл жағдайда шектеу қолданылады. Әңгіме біздің еңбек стандарттарымыз туралы болып отыр: еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы қызметкер табысының орташа мөлшерінен төленеді, бірақ 15 АЕК-тен аспайды. Егер адам ауырса, онда ол үшін шектеу төлемдері шамамен 43 000 теңге болады. Бұл мөлшер қызметкердің орташа табысына сәйкес келмейтіні түсінікті. Сондықтан бұл мәселе сараптамалық жұмыс тобымыздың шеңберінде, жұмыс берушілермен және кәсіподақтармен бірлесіп, елімізде қалыптасқан экономикалық жағдай шеңберінде оның ықтимал ұлғаюы тұрғысынан қаралады», - деп мәлімдеді әлеуметтік ведомство өкілі.