«Халық санағының маңыздылығы, ол тек халықтың саны туралы деректер алып қана қоймай, кең көлемді нақты бір қысқа мерзімде ахуалды ақпарат жинауға мүміндік береді. Яғни, адамға байланысты, білім деңгейіне, денсаулығының жағдайына, некедегі жағдайына, жанұя құрылымына, жұмыс істеуі, табыс көзі, тұрғылықты жердегі үй жайына байланысты сұрақтарды қамтитын ақпарат жиналады», -деді Ұлттық статистика бюросының басшысы.

Оның айтуынша, жиналған ақпараттың негізінде демографиялық, экономикалық болжаулар жасап, елдің одан әрі дамуына қажетті ахуалды кең көлемді ақпарат базасы құрылады. Барлық ақпарат әрбір елді мекендер бойынша жиналады.