«Онлайн-сауалнаманы арнайы sanaq.gov.kz сайтынан өтуге болады, бұл виртуалды көмекші арқылы респонденттерге өздеріне және отбасы мүшелеріне санақ парақтарын өз бетінше толтыруға мүмкіндік береді. Ал 1-30 қазан аралығында планшетті пайдалану арқылы арнайы жұмысқа тартылған азаматтар онлайн форматта санаққа қатыспаған азаматтар арасында сауалнама өткізу арқылы ақпарат жинайды. 30 қазанда санақ біткеннен кейін нақтылау үшін іріктеме түрде 10 пайыз респонденттерді, яғни азаматтарды аралап шығамыз», - деді спикер.

Жалпы, халықты халық санағы туралы ақпараттандыру үшін Ұлттық статистика бюросының сайттары жұмыс істеуде - stat.gov.kz, sanaq.gov.kz және әлеуметтік желілердегі парақшалар, 14 46 байланыс орталығы бар.