Тексеру қорытындысы бойынша инспекторлар жедел ден қою шараларын қабылдайды.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалады, ұйғарымдар шығарады. Тексеру нәтижелері бойынша 100 млн теңгеден астам сомаға 747 әкімшілік айыппұл салынды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзғаны үшін инспекторлар 280 нысанды тоқтатты», - деді ведомство басшысы.