Қауіпті өндірістік объектілерде техникалық құрылғылар мен материалдарды қолдануға рұқсат беру рәсімі; қауіпті өндірістік объектінің және қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарының, технологиялық құрылыстарының өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасына жататын объектілер тізбесінен; қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау рәсімі алынып тасталды.

Сонымен қатар, «қауіпті техникалық құрылғылар» ұғымын кеңейтіліп, «оқыс оқиға» ұғымы нақтыланды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажанов мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда Заң талаптары 2500-ге жуық кәсіпорынды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен қауіпті өндірістік объектілерде профилактикалық және тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізуге шарттар жасасуға немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметтерін құруға міндеттейді. Мұндай субъектілерге азаматтар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін пайдалану кезінде ерекше қауіп төндіретін тау-кен және мұнай-газ кәсіпорындары, мұнай өңдеу және мұнай-химия зауыттары, атом энергиясы объектілері, магистральдық құбырлар және басқалары жатады. Заңда көрсетілген қағидаттар азаматтардың қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен қорғалу деңгейін арттыруға; қауіпті өндірістік объектілерде жарақаттану деңгейін төмендетуге; авария салдарынан үшінші тұлғаларға зиян келтіру ықтималдығын азайтуға бағытталған», - деді спикер.

Заңды іске асыру мақсатында министрлік 40 нормативтік құқықтық актіні қабылдау бойынша жұмыс жүргізуде, олардың бір бөлігі бүгінгі күні күшіне енді.

Әзірленген НҚА жобалары көптеген кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайды, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысы бар, осыған байланысты оларды әзірлеу процесінде құқықтық қатынастар субъектілерімен реттеу объектілерінің тағайындалуы және олардың қоғамдық қауіптілік дәрежесі себебі бойынша бірнеше рет талқылау жүргізілді.