«Білім және ғылым министрлігі мектептер жүктемесіне үлкен талдау жүргізді. Ұлттық білім беру деректер қорының деректері бойынша мектептердің 95%-ның жобалық қуаты мен оқушылар саны барлық санитариялық талаптарды сақтай отырып, оқуды толық штаттық форматта бастауға мүмкіндік береді. Мұндай мектептерде оқушылардың 80% жуығы білім алуда. Мектептерге қажет болған жағдайда негізгі емес пәндердің бір бөлігін қашықтан өткізу мүмкіндігі беріледі. 


«Сонымен қатар, оқушы орындарының тапшылығы мен үш ауысымы бар 300 аса мектеп бар, бұл жалпы барлық мектептердің 5% құрайды. Мұндай мектептерде оқушылардың 19%-ы оқиды. Бұл мектептер қосымша шаралар арқылы, оның ішінде кейбір пәндерді қашықтан оқи отырып, икемді кесте бойынша штаттық түрде оқиды. Ауысымдар мен кіші ауысымдар ұйымдастырылады. Негізгі пәндер тек штаттық форматта оқытылады. Бүгін ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысы қабылданды. Контактіде болған балалар үшін оқшаулау кезеңіне синхронды қашықтан оқыту форматы ұйымдастырылады. Ата-аналардың өтініштері негізінде созылмалы науқастығы бар балаларға медициналық ұйым анықтамалары негізінде  асинхронды қашықтан оқыту форматы да ұсынылады. Бұл оқушылар оқулықтармен, оқыту контенті бар ақпараттық жүйемен, электрондық журналмен толық қамтылады», - деді БҒМ өкілі.  


Жаңа оқу жылында сабақтардың ұзақтығы 45 минутты құрайды.