Оның айтуынша, жобалық офистің бірінші мақсаты - барлық сұрақтарды, өтініштерді қарастыру. Екіншіден, мемлекет, халық тарапынан қойылған мақсаттарды іске асыру.  


«Алдымен мақсаттар бойынша анық айқын жоба жасау, оған қалай қаражат бөлінеді, жергілікті органдар қалай жұмыс істейді? Қазіргі уақытта біз апта сайын zoom арқылы әрбір өңірмен жиналыс өткіземіз. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасалуда. Жыл соңына дейін барлық спорт кешендерінің 20 пайызы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға лайық болуы керек. Сондай-ақ, 2025 жылға дейін барлық нысандарда мүмкіндігі шектеулі жандарға спортпен шұғылдануына жағдай жасалуы тиіс. Бұл үлкен мәселе. Себебі мүмкіндігі шектеулі азаматтар әртүрлі болады, бірі арбада отырса, басқасының көзі көрмейді, құлағы естімейді, оларға мүмкіндік жасау қажет. Қазіргі кезде тек Паралимпиада орталығы ғана бұл талаптарға сай. Бұған қарамастан, интернет, әлеуметтік желілерде әр нысан бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қаншалықты лайық екендігі туралы ақпарат бар. Біз осы жобаға үлес қосып отырмыз», - деді спикер.  


Сонымен қатар, Е.Бексұлтанов «Спорт трасформациясы» жобасына да тоқталды. Жобалық офис осы жобаның мүшесі. Оның айтуынша, барлық өзгерістерге міндетті түрде қоғам қатысуы керек. «Мемлекет жүзеге асырғанымен, соңғы бенефициар - азаматтар. Ақшасына, физикалық мүмкіндігіне қарамастан, мемлекет барлығына бірдей спортпен айналысуға мүмкіндік беруге тиіс. Бұл жақын және баршаға қолжетімді болуы керек. Адамның іші қалай жарқыраса, оның жүзі де солай жарқырайды. Сондықтан трасформацияны өзімізден бастауға шақырамын. Сонда ғана әлем өзгереді», - деді жобалық офистің жетекшісі.