«Мемлекеттің қайтарымсыз қаржысын тиімді және нақты бағытта жұмсау үшін ауыл әкімі, ауылдағы ветеринарлық станция бөлімінің қызметкері, қыстақ қызметкерінен тұратын ауылдық және аудандық комиссия құрылды. Олар үйлерді аралап, шаруашылықтарды түгендеді. Бұл жұмыстың нәтижесінде 971 шаруашылықтың төртеуі, 533 үйдегі малдың саны анықталмады. Яғни 76 үй, 9249 ШҚ анықталды. Айта кетейік, қаражат тек аналық мал басына ғана беріледі. Зоотехникалық нормативке, ғылыми зерттеулерге сәйкес түйе жасы 36 ай, жылқының жасы 18 ай болуы керек. Қой мен ешкінің жасы 1 жастан асу керек. 459 мың малдың ішінде ауылдық комиссиялармен 253755 мал анықталған. Ауыл шаруашылық басқармасы арқылы аудандық комиссияның қорытынды актісімен әр азаматқа 1 140 331 156 теңге төленді. Қалған малдың жасы шектеулерге жетпегендіктен оларға төленбейді», - деді облыс әкімінің орынбасары. 


Бұл ретте Шаруа қожалықтарының сұрауымен «Жасыл дәліз-2» функциясы ашылды. Мал туғаннан кейін 14 күннің ішінде тіркелуі керек. Нәтижесінде 39 мыңға жуық өтініш келіп түсті.  Бүгінгі таңда 26 381 мал басы тіркелді. Бұл жұмыс 10 қазанға дейін жалғасады. Жыл басынан бері 1163 бас мал өлігі акттеліп биометриялық шұңқырларға көмілген. Оның ішінде көмілген 194 мал басы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында тіркелген. Мал иелерінен, мал өлгені туралы 7 хабарлама түсті.  


Сонымен қатар, жоспар бойынша жем орындалысы 53 мың тоннаны құрауы тиіс, Қазіргі кезде бұл көрсеткіш - 45%. Жемшөп тасымалдау бойынша шілде айында БҚО, Ақтөбе облысымен меморандумдар жасалды. Қазіргі кезде СҚО, Қостанай, Ақмола облыстарымен жұмыс жүргізілуде. Азық-түлік корпорациясы 30 мың тонна жем жеткізеді. «Қазақстан Темір жолы» ҰК жыл соңына дейін шөп тасуға 75% жеңілдік жасады.