Оның айтуынша, мегаполисте «Салауатты мектептер» бағдарламасы іске қосылды. Қызметкерлер мен өзге де келушілерді тіркеу үшін мектептердің кіреберісінде «Ashyg» қосымшасының QR-кодтары бар. Жоғары оқу орындарында да осындай жұмыс жүргізілуде. Қалада барлығы 37 ЖОО бар. 

«Вакциналаумен қамту жалпы сандық көрсеткішпен алғанда оқытушылар арасында 82%, студенттер арасында 50% құрады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, ЖОО әкімшілігін, оқытушылар құрамын, студенттерді вакцинацияға шақырамыз. Жоғары және арнаулы орта оқу орындарының жатақханалары менг оқу корпустарында  «Ашық» жүйесі мен термометрия  арқылы кіру  қарастырылған,дезинфекциялық режим қатаңдатылды, санитайзерлер мен рециркуляторлар орнатылды, медициналық бақылау қарастырылған», - деді спикер. 


Сондай-ақ КВИ таралуын болдырмау жөніндегі шаралар шеңберінде вакцинациялауды жалғастыру, білім беру ұйымдарының жұмысына бақылау жүргізу, науқастарды анықтау кезінде профилактикалық және індетке қарсы іс-шараларды, мониторингтік топтардың жұмысын уақтылы жүргізу жоспарланған.