Біріншіден, қолданыстағы заңды қолдану практикасы мен проблемаларына қатысты азаматтардың, заңды тұлғалардың өтініштері талданды және жинақталды; тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулер мен талдамалық деректердің нәтижелері зерделенді; тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық тәжірибе зерделенді, олар бойынша талдау дайындалды.  


«Ағымдағы жылы 25 маусымда тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңестің бірінші отырысы өтті, онда Мәжіліс депутаттарының, Қоғамдық кеңес мүшелерінің, салалық қағидат бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласын реттейтін бірқатар министрліктер басшыларының қатысуымен заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды. Қазіргі уақытта заңның 5-бабының 13) тармақшасын орындау үшін ҚР Үкіметіне істердің ағымдағы жай-күйі және жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелері туралы баяндама жолданды, ол жақында БАҚ-та жарияланатын болады. 2021 жылғы 1 тамыздан бастап заң шығару жұмысының қағидаларына өзгерістер енгізілді, осыған байланысты реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттары жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ағымдағы жылғы 9 қыркүйекте орналастырылды. Жалпы 56 түсініктеме келіп түсті, барлығына тиісті жауаптар берілді», - деді спикер.  


8 қазанда мақсатты топтардың, тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамының және кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері арасында дебаттар өтті.  


Тұтастай алғанда, заңның екінші пакетін әзірлеу ерікті мүшелікке негізделген біртұтас жалпыұлттық коммерциялық емес ұйымның жұмыс істеуі үшін заңнамалық негізді көздейді, бұл ел бойынша қоғамдық бірлестіктерді ұлттық мәртебесі бар тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі жүйелендірілген, ұйымдастырылған, материалдық және нормативтік нығайтылған, үкіметтік емес бір ұйымға шоғырландыруға әкеледі.